Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖБО камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

Павлодар облысында ЖБО камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерін жедел басқару орталығы (ЖБО) үлгісіндегі заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендермен жабдықтау жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Бұл бастама қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттырып, құқық қорғау органдарының жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтуге бағытталған.

Бүгінде жедел басқару орталықтары облыстың барлық аудандары мен қалаларында үздіксіз жұмыс істейді. Бейнебақылау жүйелері арқылы қоғамдық тәртіпті қадағалау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және тұрғындардың полиция қызметіне деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Тәулігіне Жедел басқару орталығына орта есеппен 450–500-ге жуық шақырту түседі. Әрбір хабарламаға полицияның кешенді күштері дер кезінде жұмылдырылып, тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру