Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жедел басқару орталығының үлгісі кеңінен енгізіліп жатыр

Павлодар облысында жедел басқару орталығының үлгісі кеңінен енгізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел басқару орталығының (ЖБО) үлгісінде аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерін техникалық жабдықтау және жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінде облыстың барлық қала-аудандарында жедел басқару орталықтары толыққанды жұмыс істейді. Бұл жоба құқық бұзушылықпен күреске ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз қоғам құру мен халықтың полицияға деген сенімін арттыруға да оң ықпал етуде.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, өңірде барлығы 1232 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде әр полиция бөлімінде 72 қоғамдық бақылау камерасы мен 5 аппараттық-бағдарламалық кешен камерасы жұмыс істейді. Бұл құрылғылар қоғамдық тәртіпті бақылауға, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Барлық бейнебақылау жүйелері республикалық тізілім базасымен біріктірілген. ЖБО операторлары анықтаған құқық бұзушылықтар жедел түрде полицияның кешенді күштеріне – патрульдік нарядтар мен учаскелік инспекторларға жолданады.

Тәжірибе көрсеткендей, бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтардың санын азайтып, қылмыстардың ашылуына елеулі көмегін тигізіп отыр. Мәселен, 2025 жылдың басынан бері 6 мыңнан астам құқықбұзушылық бейнебақылау арқылы анықталып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған.

– Әрбір азамат өз әрекетімен қоғамдық тыныштықты сақтау және өзгелердің құқықтарын құрметтеуге ұмтылуы тиіс. Көше қылмыстарының алдын алудағы маңызды тетік – әкімшілік құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік таныту. Бұл бағытта азаматтық қоғамның белсенділігі аса маңызды, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру