Павлодар облысында ЖКО салдарынан 10 жастағы бала зардап шекті
Павлодар облысында ЖКО салдарынан 10 жастағы бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйек сағат 15.40-та Май ауданының Көктөбе ауылында жол-көлік оқиғасы орын алды.
– 10 жастағы кәмелетке толмаған бала велосипедпен жолға шығып, 61 жастағы жүргізушінің басқаруымен ГАЗ 66 автомашинасының тіркемесінің артқы дөңгелегіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала жарақат алып ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 66 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 78 түрлі жарақат алды.