Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда әйел ұялы телефон сатушыларын 30 миллион теңгеге алдап кетті

Алматыда әйел ұялы телефон сатушыларын 30 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полициясы анықтағандай, өзін ұялы телефондардың бөлшек сатушы ретінде көрсеткен 22 жастағы А.есімді азаматша, көтерме жеткізушілерден мобильді құрылғыларды алған, нәтижесінде – телефон да, ақша да жоқ.

– 4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызбен жүгінді, олар келтірілген материалдық шығынды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды және ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның жеке басының басқа да осыған ұқсас эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде. Осыған байланысты, біз азаматтарға өз байланыс нөмірлеріміз туралы хабарлаймыз, сол арқылы басқа да жәбірленушілер тергеушілерге хабарласа алады: 8-708-707-92-02 және 8-705-555-77-63, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру