Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық әйел автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Сот Теміртау қаласының тұрғынын автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамызда түнгі сағат 3.00 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ-ның полиция қызметкерлері 43 жастағы әйел басқарған ВАЗ-2114 автокөлігін ұстады. Жеке басын тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісін байқады. Сараптама әйелдің мас болғанын анықтады.

Полиция құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Барлық жиналған материалдар Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қарауына жіберілді.

Сот отырысында әйел кінәсін мойындады. Әкімшілік іс материалдарын зерттей келе, сот құқық бұзушыға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру