Павлодар облысында ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған қыз зардап шекті
Павлодар облысында ЖКО салдарынан кәмелет жасына толмаған қыз зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz
25 тамызда сағат 14.48-де Омбы – Майқапшағай – Тереңкөл – Михайловка автожолдарының қиылысында ЖКО орын алды.
– ВАЗ 2110 автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жол бермей, 52 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mitsubishi Pajero автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mitsubishi Pajero көлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қалиақбаров.
Полиция қызметкерлері автокөліктердің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Айта кету керек, биыл облыс жолдарында 263 ЖКО тіркелген, соның салдарынан 44 адам қаза тауып, 403 адам жарақат алған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 80 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды.