Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында базардан шыққан өртті сөндіруге 300 полицей көмектесті

Түркістан облысында базардан шыққан өртті сөндіруге 300 полицей көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

26 тамызда сағат 03:00 шамасында Жетісай аудандық полиция бөліміне М.Әуезов көшесі бойында орналасқан “Күлпаршын ана” базарында өрт болғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат алысымен оқиға орнына бірден жетісайлық полиция қызметкерлері толық құрамда шыққан. Сондай-ақ, Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Н. Жалғасов пен Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы А.Төреханов да тілсіз жау орын алған аймаққа түнгі уақытта жеткен.

Қосымша көмекке Түркістан облысы ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасақ, Мақтаарал, Келес, Шардара, Сарыағаш аудандық полиция бөлімдерінен қызметкерлер келген. Жалпы өрт сөндіруге 300-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылған.

Аталмыш полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қылмыстардың алдын алу мақсатында сонда қызмет етуде. Адам шығыны жоқ.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 292-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тіркеуге алынды. Өрттің шығу себебі мен шығын мөлшерін анықтау, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында комиссия құрылды. Аталған комиссия құрамында Түркістан облысы ПД бастығының Тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбеков бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру