Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ПД бастығы аудандық полиция бөлімдерінің қызметімен танысты

Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов жұмыс сапары аясында бірден екі аудандық полиция бөлімінің қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz

24 тамыз күні Алматы облысының бас полицейі Кеген және Райымбек аудандары сияқты облысымыздың екі шалғай ауданына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында өңірдің автожолдарындағы апаттылықты төмендетуге ерекше назар аударылды.

– Сондай-ақ, ведомство басшысы екі құраммен әңгіме барысында ІІМ-де жүзеге асырылып жатқан жобалар, атап айтқанда жұмыстың сервистік моделіне көшу, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы және “қолжетімді полиция” қағидаты, цифрландыру мен дебюракратизация жайында айтып берді, – деді Алматы облысы ПД баспасөзі

Бұдан өзге департамент басшысы Бауыржан Аленов облыс прокуроры Берік Адамовпен бірге халықпен жеке қабылдау арқылы диалогқа шықты. Адамдармен осындай жеке кездесулер ұйымдастыру, диалог құру – құқық қорғау органдары жұмысының маңызды бөлігі. Халықтың мұң-мұқтажы мен толғандырған сауалдарын білу, қоғамдық жағдаймен жақын таныс болу, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату – сервистік полицияның берік іргетасын қалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру