Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам өскемендікті алдап, ақшасын иемденіп алған

Ер адам өскемендікті алдап, ақшасын иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тамыз айының ортасында Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің “102” жедел арнасына облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны жүгініп, оған қатысты жасалған алаяқтық фактісі туралы хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, сәуір айында белгісіз ер адам интернет арқылы көлікке беріліс қорабын жеткізу сылтауымен 165 000 теңге ақша қаражатын иемденіп, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті анықталды. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары оны ұстауды жүзеге асырды және бүгінгі күні қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру