Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық тұрғын танысын 250 мың теңгеге алдап кетті

Жұмысқа орналаспақ болған кентаулық тұрғын танысына алданып, 250 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы Атырау қаласында жұмыс істейтінін айтып, “Атырау облысына жұмысқа орналастырып беремін” деп сеніміне кірген. Ол үшін 250 мың теңге ақшасын алып, қайтармай алдап жүргені туралы жазып көрсеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды.

Анықталғандай, ол Атырау қаласында жұмыс жасамайтын кентаулық тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру