Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖКО салдарынан жолаушы көз жұмды

Павлодар облысында ЖКО салдарынан жолаушы көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz

2 қазанда сағат 17.45 шамасында Омбы - Майқапшағай автожолының 549 шақырымында Аққулы ауылынан 25 км қашықтықта, Logan көлігінің 40 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, автокөлікті кюветке аударып жіберді.

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 35 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші мен төрт жолаушы (2021, 2003, 1981, 1969 жылы туған) түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қамалғанын атап өтті. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру