Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте танысының телефонын қолды еткен күдікті ұсталды

Шымкентте танысының телефонын қолды еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шымкенттік тұрғын сегіз жыл араласқан әйелді кездесуге шақырып, құны қымбат ұялы телефонын ұрлатып алды. Оқиға 29 қыркүйекте сағат 16:00-де орын алған. Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті 50 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында бұрынғы танысы кездесуге келіп, соңында өзіне тиесілі Iphone 12 mini телефонын жасырын жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары азаматшаның жеке басын анықтау және іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 28-де.

Ұсталған азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, ұрлыққа қаражаттың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді. Қазіргі кезде байланыс құралы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Айта кетейік, полицейлер күдіктінің басқа да ұрлыққа, осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру