Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол апаты азайды

Павлодар облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров өңірде жол апаты азайғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция ведомствосы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Спикер өңірдегі қылмыстың тұрақты төмендегенін атап өтті.

– Талдау негізінде ең көп зардап шеккен әкімшілік учаскелерге жергілікті пысықтау жүргізіледі. Сауда үйлерінде, Атамекен алаңында ұсақ ұрлықтың алдын алу мақсатында бизнес нысандарымен жұмыс жүргізілді, нәтижесінде екі ірі сауда үйі (Гринвич, Smoll) камералардың санын ұлғайтты және криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасауға бейім адамдардың фотосуреттерін енгізген адамдарды тану жүйесін орнатты, – дейді Жасқайрат Қайыров.

Қазіргі уақытта облыс орталығының аумағында “Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы енгізілуде, оның шеңберінде полицияның ұйымдастыру стратегиясы азаматтарға сапалы полиция қызметтерін көрсетуге және қоғаммен әріптестікте қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған.

Тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін 3 мыңнан астам отбасылық жанжалқойлар жазаланды, 5 мың қорғаныс ұйғарымы шығарылды, құқық бұзушылардың тәртібіне 710 ерекше талап қойылды.

Бүгінде облыс бойынша құқық қорғау бағытындағы 810 қоғамдық құралым бар, олардың қатысуымен 89 қылмыс ашылды, 922 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Бұрын сотталған адамдардың қылмыс жасауды қайталануының алдын алу мақсатында 38 азаматқа қатысты әкімшілік қадағалау белгіленді, 31 адамға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жойылды.

– Пробация қызметінің есебінде тұрған 108 адамға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы ауыстырылды. Қылмыстық-атқару жүйесімен бірлесіп есепте тұрған 935 адам жұмысқа орналастырылды. Профилактикалық есепке алу сапасын қамтамасыз ету мақсатында тест режимінде “цифрлық полицей” қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша учаскелік планшеттерге орнатылды, онда есепке алынатын тұлға туралы мәліметтер және фотоесеппен тексеру нәтижелері бар, – дейді спикер.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында полиция білім беру органдарымен бірлесіп профилактикалық жұмыс жүргізілетін 88 бейресми көшбасшыны анықтады.

Барлық оқу орындарында бекітілген учаскелік полиция қызметкерлері, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, сондай-ақ облыстық департамент басқармаларының басшылары құқықтық дәрістер мен сабақтар өткізеді. Білім беру объектілерінің барлығы ЖБО-ның бейнебақылау жүйелеріне қосылған.

ЖКО санының 44 фактіге, оның ішінде зардап шеккендердің саны 258-ге және қаза тапқандардың саны 4 адамға төмендегені байқалады. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде “Қорғау-қауіпті жүргізуші” мобильдік қосымшасы орнатылған. Жол қауіпсіздігі саласындағы түрлі бұзушылықтар үшін 121 мыңнан астам құқық бұзушы тартылып, 1 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру