Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі табылды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты, оның жалпы салмағы 1183,10 грамды құрады. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру