Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 3 300-ден астам адамға айыппұл салынды
Павлодар облысында жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзған 3 300-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 2021 жылдың төрт айы ішінде Павлодар өңірінде 3 396 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Мысалы, Павлодар қаласының 55 жастағы тұрғыны жақын жерде жаяу жүргінші өтпесі болғанымен, жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды. Енді қала тұрғынына 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.