Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта рульге отырған

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта рульге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 26 қазанда рейдтік іс-шаралар барысында Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері аудан тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын мас күйінде көлікпен жүргені үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.

Тәртіп сақшысы жүргізушінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, осыған байланысты сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға, яғни 2022 жылға дейін айырылғанын атап өтті.

Бірақ ол басынан өткен бұл жағдайдан сабақ алмай, жазасының аяқталуын күтпей, мас күйінде көлік руліне тағы да отырған.

Аталған жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді құқық бұзушы өзінің заңсыз әрекеті үшін, заңның қатаңдығымен жауап береді.

Айта кету керек, жылдың басынан бері Павлодар полицейлері көлік құралын масаю жағдайында басқарғаны үшін, көлік басқару құқығынан айырыла отырып, рульге заңсыз отырған 73 жүргізушіні жауапқа тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру