Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді

Жамбыл облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаев қатаң режимдегі түзеу мекемесінде сотталғандарға жеке қабылдау өткізді.

ЖД-158/4 мекемесінде өткен жеке қабылдау барысында сотталғандар негізінен заң талаптарын түсіндіру және құжаттандыру және жеке мәселелері бойынша жүгінді. Жазасын өтеушілерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жұмысқа орналастыру, жазаны өтеу тәртібіне қатысты мәселелер қызықтырды. Бұдан бөлек, қабылдауда колония қызметкерлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударылды.

Кездесу соңында Нияз Рыспаев келіп түскен ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жағдайын жақсартуды оңтайландыру бойынша түзеу мекемелерінің басшылырына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру