Павлодар облысында жыл басынан бері мал ұрлығының 71 фактісі тіркелген
Павлодар облысында «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16-21 қараша аралығында Павлодар облысының аумағында мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 18 мыңға жуық қараусыз малды анықтап, айыппұл тұрағына қамады. Мал иелерінің барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған кезеңде полиция қызметкерлері мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерде тиісті құжаттардың бар-жоғына және тасымалданатын малдың шығу тегін тексеруге баса назар аударады.
Іс-шара барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабын (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, базарлар, мал және ет өнімдері сатылатын сауда орталықтары тексеріледі.