Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті күн сайын 370-тен астам полицейлер мен әскери қызметшілер күзетуде

Петропавлда қоғамдық тәртіпті күзетуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 113 бағыт бойынша 379 полицей мен әскери қызметші шығады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары екі ауысымда қызмет атқарады: сағат 8-ден 16-ға дейін және сағат 15-тен 23-ке дейін. Патрульдік полиция батальонының автопатрульдері қала көшелерінде тәулік бойы кезекшілік жасайды.

“Динамо” стадионында Петропавл гарнизоны полициясының кешенді күштерінің кезекті гарнизондық таратуы болып өтті. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, кешкі патрульге шығатын полицейлер мен әскери қызметшілер сапқа тұрды. Оларға бағдарлар оқылып, бұйрықтар мен тапсырмалар берілді. Әдеттегідей жағымды сәттер де орын алды, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Петропавл қ. Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатовқа және СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Асылбек Тоқтамысовқа “полиция подполковнигі” кезекті арнайы атақтары берілді.

“Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” 2-ші дәрежелі медалімен Петропавл қ. ПБ учаскелік полиция инспекторы Серік Әубәкіров, Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Ерік Құсайынов марапатталса, дәл осындай үшінші дәрежелі медальмен Петропавл қ. ПБ қызметкері Юрий Клыков марапатталды.

Саптық байқау барысында СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин қызметкерлердің нысанды киімдерін, амуниция мен патрульге түсетін қызметкерлердің жарғыдан білімдерін тексерді. Сондай-ақ, қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының қызметтік автокөліктері жағдайы тексерілді.

Полиция полковнигі Еңбек Сембин жеке құрам алдындағы сөзінде азаматтармен сыпайы әрі әдепті болудың, сондай-ақ кез-келген жағдайда жан-жақты көмек көрсетудің маңыздылығын айтып өтті. Саптық тарату үрлемелі оркестрдің сүйемелдеуіндегі салтанатты маршпен аяқталды, құқықтық тәртіп сақшылары қызмет атқару орындарына тарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру