Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілер пробация есебіндегі сотталған азаматқа көмек көрсетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданының еріктілері пробация қызметінің есебінде тұрған мұқтаж азаматқа көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамда жаза басып жаңылысқан жандар аз емес. Сондай азаматтың бірі Шиелі аудандық пробация есебінің бақылауында. Денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз азамат аға-жеңгесімен бірге тұрады.

Бүгін осы азаматтың үйіне «Қайырымды жандар» еріктілер тобы ат басын бұрып, азық-түлік  табыстады. Есептегі азамат қайырымды жастардың көмегіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

– Мұндай қайырымдылық көмек жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірлесіп жиі өткізіліп тұрады. Бұған дейін де пробация есебінде тұратын сотталғандар арасындағы көпбалалы отбасылар мен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды.  Бүгін ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматқа азық-түлік берілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы  Қ.Байкенжеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру