Павлодар облысында жыл басынан бері велосипед ұрлығының 25 жайты тіркелді
Павлодар облысында жыл басынан бері велосипед ұрлығының 25 жайты тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көктемнің келуімен велосипед маусымы ашылады. Бұл қалалық жерлерде велосипедтердің танымалдылығының дәлелі. Өкінішке орай, велосипедті көлік құралдары ретінде пайдаланатын көпшілік көліктерін жиі жоғалтады. Көп жағдайда кінәлілер велосипед иелерінің өздері, себебі қараусыз қалдырады, сенімді қорғаныс құрылғыларымен жабдықтамайды.
– Павлодар қаласында сағат 23.30-да Н. Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінде 46 жастағы ер адам тамбурдан балалар самокатын ұрлаған. Құқық бұзушы бұл әрекетін мойындады. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Басқа жағдай, Екібастұз қаласының полициясына қала тұрғынының Беркімбаев көшесіндегі үйдің жанында құны 61 мың теңге болатын Dushima велосипедін ұрлап кеткендігі туралы арызбен жүгінген.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысында велосипед ұрлаудың 25 фактісі тіркелді. Қауіпсіздік мақсатында велосипедтердің иелері мүмкіндігінше көшелерде өздеріне тиесілі серуендеу құралдарын бейнебақылау камералары орналасқан жерге жақын орналастыруы қажет.
Велосипед ұрлығына жол бермеу үшін полиция қызметкерлері қала мен облыс тұрғындарына жеке мүлікті ұрылардан қорғаудың басқа да ережелерін ұстануға кеңес береді:
– велосипедті үйлердің кіреберісінде де, дүкендер мен сауда орталықтарының жанындағы көшеде де қараусыз қалдырмау;
– велосипедті кездейсоқ және бейтаныс адамдарға сеніп, тапсырмау;
– велосипедті бағасы төмен болса да, бөтен адамдардан сатып алмау. Сатып алынған заттың ұрланған болуы мүмкін.