Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны танысының жылқысын сатып жіберген

Түркістан облысының тұрғыны танысының жылқысын сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне Шымкенттік тұрғын арызданған. Оның айтуынша, Төлеби ауданында орналасқан мал қорасында алыс танысы 2019 жылдан бері жылқысын мінуге үйретіп беріп жүрген. 2021 жылдың соңында жылқысын үйретіп беруге өз тұрғын үйіне алып кеткен екен.

Нәтижесінде, жәбірленуші ер адамның төрт жасар жылқысын танысы сатып жіберіп, жәбірленушіге бір млн теңге материалдық шығын келтірген.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті бақташыны құрықтады. Ол жергілікті жас жігіт болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жылқыны Сайрам ауданындағы мал базарға сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру