Павлодар облысында жылыту құрылғыларын қолды қылған күдіктілер ұсталды
Павлодар облысында жылыту құрылғыларын қолды қылған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының жедел уәкілдері ұрлық жасады деген күдікпен екі тұрғынды ұстады. Қалқаман ауылындағы ер адамдар үйлердің бірінде жарықтың жоқтығын, ал үйдің есігі құлыпталмағанын байқаған. Бос тұрған үйге кіріп, олар үйде орнатылған 5 шойын жылыту радиаторларын бөлшектеп, кішкене бөліктерге бөле бастаған. Содан кейін оларды сөмкелерге салып, алып кеткен. Жоғалған заттарды анықтағаннан кейін үй иесі полицияға жүгінген.
– Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Заттай дәлелдемелер алынды, – дейді Павлодар облысы ПД.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.