Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері анықталды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында қазіргі заманғы технологиялардың, оның ішінде Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығымен интеграцияланған бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері кеңінен қолданылып келеді.

Мысалы, бейнебақылау камераларының бірінде жедел басқару орталығының кезекшілері жалған нөмірі бар автокөлікті байқады. Toyota Camry жүргізушісі нөмірлік белгінің орнына автокөлікке TurAvto деген жазуды қойған. Автокөлікті ұстауға дереу патрульдік полицейлер бағытталды, олар құқық бұзушыны тоқтатып, көлікті айыппұл тұрағына қойды.

Сонымен қатар “Қорғау” бағдарламасы арқылы жалған мемлекеттік тіркеу белгісі бар Daewoo Nexia автокөлігі тоқтатылды. Полиция көліктің орналасқан жерін анықтап, айыппұл тұрағына жеткізді. Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру