Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысындағы аудандардың бірінде қараусыз жайылып жүрген 500-ден астам жылқы анықталды

Павлодар ауданындағы айып тұрағына 500-ден астам жылқы қамалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Григорьевка ауылдық округінің аумағында жол-көлік оқиғаларын және мал ұрлығын болдырмау мақсатында Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қыстауды тексерді, оның барысында 500-ден астам қаңғыбас жылқы табылды, бұл ретте шаруа қожалықтарының біріне тиесілі шөпті жеп, маяларды таптады. Жылқылар арнайы орынға қамалды.

Белгілі болғандай, олар қараусыз жайылып жүрген. Малды қараусыз қалдырған бақташы анықталды.

Ер адамға қатысты құқықтық тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 147-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру