Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада алаяқ үй алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен

Елордада алаяқ үй алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы елорда тұрғынын анықтады. 

Полицияға Астана қаласының тұрғыны арызданып, баспананы төлеуге қабілетті адамдар санына жатпайтындығын біліп және бағдарлама бойынша іске асырылатын жаңа тұрғын үйді пайдалануға алып беремін деп уәде берген алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арызданған.

Әйел адам елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Күдікті  жәбірленушінің сеніміне кіріп, қызмет көрсетуге көмектесетін таныстары бар екенін айтып сендіргені анықталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 900 мың теңгені құраған.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері осы азаматшаның арбауына түскен жәбірленушілердің саны тағы да көбеюі мүмкін екендігін жасырмады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру