Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысындағы автожолда қараусыз жүрген 180 жылқының иесі жауапқа тартылды

Павлодар облысындағы автожолда қараусыз жүрген 180 жылқының иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция тұрақты негізде автожолдарда, ауылдық округтерде және қысқы жайылымдарда иесіз жүретін малдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары мен рейдтер жүргізеді.

– Ертіс – Русская поляна автожолында учаскелік инспектор бақылаусыз жайылып жүрген 180 бас жылқыны анықтады, олар апатты жағдай туғызды. Тағы бір жағдайда, Ертіс ауылында мал иесі жылқыларды қараусыз жіберген, олар ауылды аралап жүрді, осылайша абаттандыруды бұзып, басқа ауыл тұрғындары үшін қолайсыздық туғызды. Тұрғындар бұл факті туралы полицияға хабарлады. Құқық тәртібінің сақшылары ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар толтырды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Әнуар Арынғазинов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында жұмыс істеп тұрған 146 мамандандырылған айыппұл тұрағына 630 мал орналастырылды, олар облыстың автожолдарында қараусыз жүрді. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 17 азамат жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру