Павлодар облысының бас полицейі ІІО ардагерлерімен кездесті
Павлодар облысының бас полицейі ІІО ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр Павлодар облысы ішкі істер органдары Ардагерлер кеңесінің және Ұлттық ұланының активімен кездесті. Кездесу барысында облыстың бас полицейі ардагерлермен бірге өңірдегі жедел жағдайды, ардагерлерді толғандыратын мәселелерді талқылады, сондай-ақ тәлімгерлердің ұсыныстарын тыңдады.Василий Скляр қазіргі уақытта полицияның алдында тұрған міндеттер туралы айтты. Сондай-ақ, шешуді талап ететін ағымдағы мәселелер, сондай-ақ бірлескен жоспарлар талқыланды. Өз кезегінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Әбдіраев ардагерлер өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін полиция қызметінің бастамаларын әрдайым қолдауға дайын екенін атап өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, департамент бастығы мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін айтты.
– Бүгінде Павлодар облысының ішкі істер органдары ардагерлерінің рөлі жас қызметкерлерді тәрбиелеуде де жоғары. Өздерінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін бере отырып, олар жастар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға таптырмайтын үлес қосады. Ардагерлеріміздің тәлімдемелері мен қолдауы – біз үшін өте құнды, – деді Василий Скляр.