Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда рецептісіз сатуға тыйым салынған препараттарды өткізу фактілері анықталды

БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері рецептісіз сатуға тыйым салынған және есірткілік мас болуды туындататын препараттарды заңсыз өткізудің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз әрекеттің бір фактісін полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында анықтады.

– Тергеу барысында 24 жастағы қыздың Орал қаласының аумағында “трамадол”, “тропикамид” және “сомнол” дәрілік препараттарын заңсыз сатумен айналысқаны анықталды. Тінту іс-шараларын жүргізу барысында аталған препараттар осы азаматшадан тәркіленді, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

“Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында БҚО ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге мас болуды тудыратын дәрілік препараттарды заңсыз сатудың екінші жағдайын анықтады. Тыйым салынған препараттарды заңсыз сатқаны үшін 27 жастағы ер адам ұсталды. Одан 10 таблеткадан тұратын 7,5 “трамадол” пластинкасы және 8 “тропикамид” құтысы тәркіленді.

Осы фактілер бойынша материал бөлініп, әрі қарай жауапкершілікке тарту бойынша сотқа жіберу үшін ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментіне жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру