Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының екі тұрғыны қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынды

Павлодар облысының екі тұрғыны қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын полиция құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

1 ақпан күні сағат 11.30-да Көктөбе ауылында полиция мас күйде болған 44 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатты. Бұл ретте адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін ұқыпсыз келбеті болды. Медициналық куәландыру ауыл тұрғынының орташа мас күйде екендігін нақтылады.

– Учаскелік полиция қызметкерлері бұл азаматты 2022 жылдың желтоқсан айында осындай құқық бұзушылық үшін полицияға алып келгенін анықтады. Сол кезде ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Май ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов.

Аталған азамат бір жыл ішінде қоғамдық орында мас күйде пайда болғаны үшін жауапқа тартылғандықтан, ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама жасалып, материал сотта қаралды. Сот қаулысымен 44 жастағы ауыл тұрғыны 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым сала отырып, оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді.

Осыған ұқсас фактіні Май ауданының учаскелік полиция инспекторлары 2 ақпанда сағат 15.40-та анықтады, Көктөбе ауылының 56 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Медициналық куәландыру ауыл тұрғынының орташа мас күйде екендігін көрсетті.

Жандос Айтмұхамбетов ер адамды 2022 жылдың сәуір-мамыр айларында полиция мас күйде ұстағанын атап өтті. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 5 АЕК мөлшерінде екі рет айыппұл салынды.

Бұл жолы ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 3-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша тартылды.

Сот қаулысымен ол 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды және алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым сала отырып, оның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар қойылды.

Ауыл тұрғындары қорытынды жасай ма, уақыт көрсетеді. Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап полицейлер алкогольдік ішімдіктерді ішудің және қоғамдық орында мас күйде пайда болудың 735 фактісін тоқтатты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру