Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының ПД басшысы Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесті

Павлодар облысының ПД басшысы Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 желтоқсанда Василий Скляр Тереңкөл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Департамент бастығы полицияның 2022 жылғы жұмысының Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің нұсқауларын орындауға бағытталғанын атап өтті.

– Біз қабылдаған шаралармен жалпы облыс бойынша жедел жағдай 10%-ға, оның ішінде Тереңкөл ауданында 22%-ға жақсарды. Мысалы, облыста кісі өлтіру – 15, қарақшылық – 8, тонау – 6, бұзақылық – 11, ұрлық 253 фактіге азайды, – деп атап өтті Василий Скляр.

Полициямен жүргізілген алдын алу шаралары, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар санын 160-қа және көшелердегіні 29-ға азайтуға мүмкіндік берді.

– Ауыл үшін мал ұрлығы мәселесі өзекті болып қала береді. Олардың саны облыс бойынша 14 фактіге немесе 19%-ға азайды, ал Тереңкөл ауданында 1-ден 5 фактіге дейін өсім байқалады. Айта кету керек, мал ұрлығы фактілері көп жағдайда жайылымнан жасалады. Көбінесе қараусыз жүрген мал жоғалады немесе апатқа ұшырайды, – деп хабарлады Василий Скляр.

Мұндай фактілердің алдын алу үшін бос жүрген малға арналған арнайы құрылған 146 тұраққа қараусыз жайылып жүрген 19 мыңға жуық үй жануарлары қамалды, оның ішінде автожол бойында жүргені де бар. Бас полицей мал иелерінің міндетті түрде үй жануарларын сәйкестендіруді, оларды таңбалауды және мөрлеуді жүзеге асыруы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы ұйымдастырған табындарда олардың орталықтандырылған жайылымын қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті. Осы қарапайым шараларды орындау мал ұрлығы фактілерін едәуір азайтады. Полиция департаментінің басшысы алаяқтыққа, әсіресе ақпараттық технологиялар арқылы жасалған алаяқтыққа да тоқталды.

– Облыста 1073 интернет-алаяқтық тіркелді, Тереңкөл ауданының 6 тұрғыны да қылмыстың осы түрінің құрбаны болды. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Полиция департаментінің құрылымында киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі, сондай-ақ облыс аумағында жасалған барлық алаяқтықтарды ашумен және тергеумен айналысатын арнайы топ құрылды. Ағымдағы жылы олар облыс аумағында да, еліміздің басқа өңірлерінде де төрт жүзден астам қылмыс жасаған 10 алаяқты ұстады, – деді ПД басшысы.

Кездесуді пайдалана отырып, Василий Скляр азаматтарды сергек болуға және алданбауға шақырды. Көшелердегі және қоғамдық орындардағы криминогендік жағдайды сауықтыру үшін қылмысқа егжей-тегжейлі мониторинг жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша нарядтар күштері мен құралдарының орналасуына үнемі түзетулер мен өзгерістер енгізіледі. Бас полицей қатысушыларды Қазақстандағы сервистік полиция жаңалықтарына қатысты полицияның қайта құрылуымен таныстырды.

– 1 тамыздан бастап Павлодар қаласы Полиция басқармасының базасында «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы іске асырылуда. Полиция жұмысына сервистік тәсілдерді енгізу проблемалық мәселелерді шешуді ескере отырып, біздің облыс орталығының тұрғындарына қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және азаматтардың Павлодар полициясына деген сенім деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан әрі жұмыстың сервистік моделіне барлық полиция облыстары, содан кейін бүкіл республика көшеді, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Осы есепті кездесуге қатысушылар басшылардан өз сұрақтарына толық жауап алды, сондай-ақ Тереңкөл ауданының ішкі істер органдарының жұмысы бойынша ұсыныстар енгізді. Соңында Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр өңір тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы және диалогқа қатысқаны үшін алғысын білдірді. Кездесуден кейін облыстық полиция ведомствосының басшысы азаматтарды қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру