Павлодар облысының ПД бастығы қаладағы мектептерді тексерді
Павлодар облысының ПД бастығы қаладағы мектептерді тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 17390 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде мектептерде – 9273, мектепке дейінгі ұйымдарда – 5114, колледждерде және басқа да білім беру ұйымдарында – 3003 камера орнатылған. Сонымен қатар, өңірдегі барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен толық жабдықталған.
Құқық қорғау органдары оқу орындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Білім беру мекемелерін заңсыз қолсұғушылықтан тиімді қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, оқу орындарындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін шешу полицияның үнемі бақылауында. Бүгін білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз етуді тексеру мақсатында мен Ы.Алтынсарин атындағы гимназияға және Павлодар қаласындағы №8 лицейге бардым, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Нұрлан Мәсімов 228 білім беру нысанының 200-і жедел басқару орталығына қосылғанын атап өтті.
Қазіргі заман талабына сай барлық білім беру нысандарында дабыл түймелері орнатылғаны, сондай-ақ 31 ұйымда кіруді бақылау және басқару жүйесінің (турникеттер) орнатылғаны өте маңызды, жылдың соңына дейін тағы 72-ні орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы сомасы 618 млн. теңгеге бейнекамералар, дабыл түймелері, құлақтандыру жүйелері, турникеттер толық көлемде сатып алынып, орнатылды.
Білім беру мекемелерін қорғауды тікелей ұйымдастыру – ерекше маңызды факт. Сондықтан қазіргі уақытта білім беру объектілерін мамандандырылған күзет қызметіне ауыстыру кезең-кезеңімен жүргізілуде.
– Білім беру мекемелеріндегі ішкі істер органдары жұмысының негізгі құрамдас бөлігі оқушылар арасында да, оларға қатысты да және олар тарапынан да құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.