Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД-да Олимпиада жүлдегеріне құрмет көрсетілді

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Олимпиада жүлдегеріне құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Токио қаласындағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары көрсеткіштері және Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі беделі мен имиджін арттыруға қосқан үлесі үшін “Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен және бағалы сыйлықпен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшісі ефрейтор Нұрислам Санаев, сондай-ақ еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмаханов марапатталды.

ҚР ІІМ министрі Е.Тұрғымбаев атынан “Динамо” ФСО Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арыстан Төлепбергеновке грамота табыс етілді.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Жакупбеков марапатталғандарды спорт әлеміндегі жеткен жетістіктерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру