Павлодар облысының ПД-де алдағы кезеңге бірталай міндеттер қойылды
Павлодар облысының ПД-де алдағы кезеңге бірталай міндеттер қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының Полиция департаментінде облыстық аппараттың барлық қызметтері мен аумақтық бөлімшелер басшыларының қатысуымен отырыс өтті. Отырыс барысында полицияның 2021 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге бірталай міндеттер қойылды.
– Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес 2021 жыл «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» болып жарияланды. Бүгін біз жұмыстың «Сервистік үлгісіне» көшудеміз, сондай-ақ «Полиция қадамдық қолжетімділікте» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы маңызды қағидат болып қала береді. Осыған байланысты біздің жұмысымыз облыстағы криминогендік жағдайды тұрақтандыруға негізделген, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-тәжіриебелік шаралар қабылданды, – деді облыс Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Учаскелік полиция инспекторларына басты рөл бөлінген, өйткені ол тұрақты түрде халықпен өзара қарым-қатынаста қызмет атқарады. Сондықтан ол танымал, қолжетімді және азаматтардың сеніміне ие болуға тиіс.
Facebook әлеуметтік желілерінде учаскелік полиция инспекторларының аккаунттары құрылған, онда олардың жұмысы туралы барлық ақпарат орналастырылады. Бұдан басқа әлеуметтік желілерде, WhatsApp мессенджерлерінде учаскелік инспектор қатысатын және учаске тұрғындарынан келіп түскен ақпаратқа тез жауап беруге мүмкіндік беретін чаттар, «ПИК» топтары, гараж кооперативтері, саяжай бау-бақшалары және т.б. арнайы топтары құрылған.
«Қолжетімділік» қағидаты мақсатында облыста 15 модульдік учаскелік полиция бекеті салынды. Төрт стационарлық полиция бекеті орнатылды.
«Жеделдікті» қамтамасыз ету және жасалған құқық бұзушылықтарға уақтылы ден қою үшін ауылдық жердің учаскелік полиция инспекторларына 29 автокөлік берілді.
Нұрлан Мәсімов жыл қорытындысы бойынша қылмыстар саны 3%-ға, оның ішінде кісі өлтіру 27%-ға, тонау 31% – ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 40%-ға, бұрын өтелмеген соттылығы бойынша 5%-ға, кәмелетке толмағандар жасалған қылмыстар саны 38%-ға азайғанын атап өтті. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 18%-ға және көшелерде жасалған қылмыстар 25%-ға төмендеді.
Қылмыстардың алдын алуда полиция бекеттері мен нарядтарының орындарын ауыстыру, сондай-ақ жаяу жүру бекеттерінің санын көбейту үлкен маңызға ие болды.
– Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде «тәуекел тобына» жатқызылған адамдармен, олардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жолымен бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. 2021 жылы тұрмыс саласындағы 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды,- деп атап өтті Нұрлан Масимов.
Сондай-ақ, тәжірибе көрсеткендей, алкогольдің әсерінен азаматтар қылмыстың объектісі немесе субъектісі бола алады. Тек ағымдағы жылы полиция бөлімшелерімен алкогольді сату ережелерінің 161 бұзушылық фактісі анықталды, олар бойынша қажетті шаралар қабылданды.
Нәтижесінде, мас күйінде жасалған қылмыстар саны 12%-ға және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар саны 19%-ға төмендеді.
– Тергеушілердің қызметін цифрландыруды қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігімен өзара тығыз жұмыс жасай отырып, қажетті құрал-жабдықтарды алу мәселелері шешілді. Бүгінгі таңда «электрондық қылмыстық іс» модулінде жұмыс істеу үшін 312 жұмыс орны сатып алынды. Бейнебақылау камералары тергеу амалдары жүргізіліп жатқан тергеушілердің барлық кабинеттерінде орнатылған. Кабинетте болып жатқанның бәрі тәулік бойы тіркеледі. Бұл полиция жұмысының ашықтығын көрсетеді – сыбайлас жемқорлық фактілерін, сондай-ақ полиция қызметкері тарапынан заңсыз әрекеттер болдырмауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті облыстық полиция ведомствосының басшысы.
Жылдың жаңалықтарының бірі Криминалдық полиция басқармасы базасында құрылған кибер-қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімді атауға болады, онда 618 алаяқтық жасаған 6 қылмыстық топ анықталып, ұсталды.Сондай-ақ, жедел қызметкерлер қылмыскерлерді іздестіру бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде, барлығы 103 қылмыскер ұсталды. Облыс аумағында 123 есірткі қылмысы анықталды, заңсыз айналымнан 383 келіден астам есірткі тәркіленді.Тәртіп сақшылары белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматтардың, оның ішінде 10 мыңнан астам еріктілер мен 1217 құқық қорғау бағытындағы полиция көмекшілерінің баға жетпес көмегін атап өтті.
– Біз жоғалған 100-ден астам азаматты іздестіруге көмек көрсеттік, волонтерлік ұйымдардың тікелей қатысуымен 78 азаматтың мекенжайы анықталды. Полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуымен 101 қылмыс ашылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 860 адам ұсталды, – деп атап өтті полицияда.
Сөз соңында Нұрлан Мәсімов полиция жұмысын жақсартуға қатысты ұсыныстар мен тілектерге әрқашан ашық екендігін айтты.