Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көршісінің малын ұрлаған тұрғын ұсталды

Шымкентте көршісінің малын ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 250 мың теңге тұратын бұзауын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Ұрылар үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, ауласына заңсыз кіріп, қора есігін бұзып, байлаулы тұрған малды қолды еткен.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы азаматтың жеке басы анықталған. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Күдікті тиісті басқармаға жеткізілді.

Тексеру амалдары жүргізілуде. Қолды еткен бұзау тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру