Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтандық полицейлер Жаңа жыл қарсаңында балаларды құттықтады

Елордалық полицияның басшысы Ержан Саденов карантин шараларын қатаң сақтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы” КММ-де болып, тәрбиеленушілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері балаларға сыйлық сыйлап, көздерінен шаттық пен алғыс көру жағымды әсер екенін жеткізді.

“Балалар әрқашан Жаңа жылдың басталуын ерекше сезіммен күтеді, олар өз тілектерінің орындалуына сенім білдіреді. Біздің Департаменттің қызметкерлері жыл сайын тәрбиеленушілерге қажетті көмек көрсетеді және алдағы уақытта балаларды сыйлықтармен және ықыласпен қуантады”, – деп атап өтті Ержан Саденов.

Балалар қонақтарға өздері дайындаған бағдарламаларын ұсынып: әндер орындап, өлеңдер оқып, би билеп, көңілді конкурстар ұйымдастырды.

Орталық басшылығы өз кезегінде полицейлерге көп жылдық көмегі, қамқорлығы мен қолдауы үшін зор ризашылықтарын білдірді, ал қуанышты балалар дауыстап “рақмет” деп айқайлады.

Орталық директоры Бибігүл Такисова тәртіп сақшыларына ұйымдастырылған мереке үшін алғыс айтты.

“Сіздің қамқорлығыңыз бен назарыңыздың арқасында балалар ең сиқырлы және көптен күткен мерекені көңілді және қуанышпен қарсы алды! Мейірімділік, назар және жауаптылық үшін рақмет!”, – деді ол.

Қонақтар балаларға жиі барып, сыйлықтар беріп, ұл-қыздардың жетістіктеріне әрқашан қуанып жүреміз деп уәде етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру