Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғынды әлеуметтік желіде танысқан жігіт 3 млн теңгеге алдап кетті

Шымкенттік тұрғынды әлеуметтік желіде танысқан жігіт 3 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіті сенімін теріс пайдаланып, 3 млн теңгесін алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де ақшасын қайтармаған, не телефонға жауап бермеген.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған.

Тәжірибелі мамандардан құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы азаматтың жеке басы анықталып, Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған азамат жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Сондай-ақ алаяқтық жолмен алған ақшаны тұрғын өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру