Тәртіп сақшылары қаржы пирамидаларының тұзағына түспеуге шақырады
Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарды қаржылық пирамидаға тән белгілері бар ұйымдар құру және азаматтарды түрлі алаяқтық схемалар арқылы олардың қызметіне тарту жағдайлары көбейгені туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бүгінгі таңда Павлодар облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы кейбір қатысушыларды басқаларының есебінен байытып, азаматтарды қаржылық пирамида қызметіне тартатын түрлі компаниялардың өкілдеріне қатысты бес қылмыстық істі тергеп жатыр. Бірақ бір сәтте жүздеген қарапайым адамдарды оның желісіне тартқан қаржылық пирамида құлдырап, оған қаржы салғандардың бәрі қаржысыз қалады. Әрқашан есіңізде болсын, қаржы пирамидалары Қылмыстық кодекспен қудаланатын заңсыз инвестициялық қызмет, – деді Департамент бастығының орынбасары Рашад Утеуов.
Полиция қызметкерлері қаржы пирамидасынан ақшаны кейін қайтарудан гөрі, оған кіру оңай екенін айтады. Әдетте, қаржы пирамидалары жоғары үстеме пайда табу туралы жалған уәде береді. Сондықтан мұндай ұйымдарға ақша салуға болмайды.
Осы орайда полиция қызметкерлері материалдық пайда табу үшін күмәнді ұйымдарға ақша салмауға шақырады.
Егер қаржы пирамидасының қызметімен байланысқаныңыз туралы күдік туындаса, Тергеу басқармасына 8 (7182) 39-13-10 немесе «102» телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.