Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер тоңып қалған жүргізушіге көмектесті

Павлодарлық полицейлер көлігі бұзылып, жолда тоңып қалған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны қиын жағдайда көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын әлеуметтік желілер арқылы білдірді.

– Екібастұз қаласының полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғысымды білдіргім келеді. 13 қаңтарда мен Павлодар облысының Баянауыл кентінен Павлодар қаласына шықтым. Жолда Екібастұз қаласының шетінде көліктің қозғалтқышы істен шықты. Өзім жөндеп аламын деп ойладым. Бірақ сол жерде жөндеуге келмейтінін түсіндім. Бұған қоса аяз күшейіп, тоңа бастадым. Жолда полиция қызметкерлерінің өтіп бара жатқаны жақсы болды, олар көлігімді тіркеп, ең жақын техникалық қызмет көрсету орталығына жеткізді, тамақтандырып, түнейтін жер де тауып берді. Содан кейін, таңертең жөнделген көлігіммен жолға шығарып салды. Маған қиын жағдайда көмектескен патрульдік полиция ротасының инспекторлары Оспанов Арқар, Дүйсенбаев Саят және  Асхат Сатубалдиновқа ризашылығымды білдіремін. Оларға зор денсаулық пен қызметтеріне сәттілік тілеймін, – деп жазған Семей қаласының тұрғыны Инстаграмдағы @pavlodar_inform парақшасында.

– Әрине, азаматтардан алғыс алу жағымды, бірақ игі істер жасау, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу одан да жақсы, – дейді полицейлердің өздері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру