Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері 500-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

Павлодар облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 500-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 20 қарашадан бастап өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Тек бірінші күні 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар тоқтатылды: тіркеусіз тұру, көшеде мас болу, жеті жүргізуші, мас күйінде көлік жүргізген, ал үш жүргізуші жолдың қарсы жолағына шыққан.

Мысалы Толстой көшесіндегі патрульдік полиция батальонының полицейлері қарсы жолға шыққан 20 жастағы жүргізушінің тізгініндегі Chevrolet Nexia автокөлігін тоқтатты.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша жазаланды.

– Ал Аққулы ауданының полицейлері ауыл тұрғынынан белгісіз калибрлі мылтық қаруынан жауынгерлік патронға ұқсас зат тәркіледі. Баллистикалық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ЖПШ өткізу кезеңінде біз құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділік» қағидатын негізге алдық, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Іс-шара осы жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады. Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын тәртіпті бұзбауға шақырады, әйтпесе құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру