Павлодар облысының полицейлері қоян-қолтық ұрыстан мықтыларды анықтады
Павлодар облысы ПД Динамо спорт кешенінде полицейлер арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша іріктеу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы, қалалық, аудандық бөлімшелердің қызметкерлері мықты деген атаққа таласты. Әрбір қызметкер өз шеберліктерін көрсетті. Үздік күрескерлерді білікті төрешілер ұпай саны бойынша таңдады. Жарыс қорытындысы бойынша қалалық және ауылдық бөлімшелер қызметкерлері арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Медет Құдайбергенов алтын алса, Бағұстар Жарылғасынов күміс жүлдеге, Азамат Саянов қола жүлдеге ие болды.
62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Мүсілім үздік атанды, екінші орында Айдос Баянбаев алды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Әділ Амангелді, екінші орынды Ержігіт Дуаш, үшінші орынды Бақтияр Қайыржанов иеленді. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Азамат Құркебаев, екінші орынды Әлішер Еринғаипов, үшінші орынды Ризабек Бейсекенов иеленді.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Дияс Айкен, екінші орынды Бауыржан Мәдиев, үшінші орынды Азамат Әбдірахманов қанжығаға байлады. 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Бақтияр Болатов жеңісті еншіледі, екінші орынды Талғат Зайниденов жеңіп, үздік үштікті Нұрлан Ахмедьянов түйіндеді.
Жарыс қорытындысы бойынша бөлімшелер қызметкерлері арасында орындар келесідей бөлінді. Жеке есепте 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мейрамғали Уақбаев үздік атанды. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ринат Махмутов бірінші орынды, Ержан Смақанов екінші орынды иемденді. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын – Кенжебек Әзілбеков, екінші орын – орынды Бекболат Нұрахметов, үшінші орынды Дін-Мұхамед Сәрсенбек иеленді.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: I-орын – Айдар Ташев, II-орын – Бақтияр Қабылда, III-орын – Родион Уфиркин. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде. бірінші орын – Шаймұрат Құсайынов, екінші орын – Қобыланды Ишмамет және үшінші орын – Алмас Аспандияров.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Егінбаев үздік атанды, екінші орынды Нұрбек Еайкенов иеленіп, үздік үштікті Алмас Қанапиянов жапты. 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мейірбек Құдырқұлов алтынға ие болды.
Қалалық және ауылдық бөлімшелер арасында командалық есепте бірінші орынды Павлодар қаласы ПБ, Ертіс ауданының ПБ екінші орынды және Ақтоғай ауданының ПБ командасы үшінші орынды иеленді.
Полиция департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері арасында командалық есепте қарсыластардан жеңісті АЖҚЖ командасы алды, екінші орынды ТҚБ қызметкерлері алды. Жарыс ұйымдастырушылары қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеру – әрбір полиция қызметкерінің кәсіби дайындығының ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Айта кетейік, жеңімпаздар 11-13 тамызда Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қоян-қолтық күрес чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.