Павлодар облысының полицейлері жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда
Жаяу жүргіншілер жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және жолдағы өз әрекеттері үшін барлық жауапкершілік түрлерін арқалайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбінесе жасөспірімдер мен жастар жол қозғалысы ережелерін елемейді. Көптеген адамдар өздерінің гаджеттеріне үңіліп, айналасында не болып жатқанын байқамайды. Олар жолды бағдаршамның тыйым салатын сигналына кесіп өтеді немесе керісінше оларға жол берілгенін көрмей, қозғалысты кешіктіреді.
Өкінішке орай бұл мәселеде қарт адамдар да үлгі бола алмайды. Әжелер мен аталар да жол белгілеріне назар аудармай, жолдың қалаған жерімен өте салады. Олар жүргізушілердің өздерін өткізетініне сенімді.
Дегенмен Павлодар облысында жыл басынан бері белгіленбеген жерде жолдың жүру бөлігін кесіп өткені үшін 5 270 азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұдан басқа 2020 жылдың 10 айында 1 479 жүргізуші Қазақтан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 600-бабы (Жаяу жүргіншілердің немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.