Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тұрақты түрде пәтер ұрлықтарымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері құрықталды

Алматылық полицейлер кеше Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ұсталғандардың үшеуі де Алматы облысының тұрғындары болып табылады. Олардың екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген. Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар біздің ақпаратымыз бойынша, оларды Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз  аталған қалаларда бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде, – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру