Павлодар облысының полицейлері жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда
Павлодар облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Темір тұлпарларының шиналарының техникалық жай-күйіне уақтылы мән бермеген және дөңгелектерін ауыстырмаған жүргізушілерге тәртіп сақшылары мұндай немқұрайлылық жүргізушінің өзі үшін де, жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.
1 желтоқсаннан бастап мұндай фактілер анықталған жағдайда жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Биыл Павлодар қаласында алғашқы қар жауған күні 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген.