Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері 50 мыңға жуық ЖҚЕ бұзудың алдын алды

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері 50 мыңға жуық ЖҚЕ бұзудың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолдағы қауіпсіздік жол қозғалысының әр қатысушысына байланысты, бірақ бәрі бірдей тәртіпті сақтамайды, ережелерді бұзады, бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Полиция әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізеді, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы тұрғындар 102 телефоны арқылы хабарлайды немесе @dp_pavlodar парақшасына жазады.

Мониторинг нәтижесінде жол апатына әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды, барлық құқық бұзушылар жазаланды.

– Мысалы Павлодар қаласында Шкода Рапид автокөлікті басқарған жүргізуші Н. Назарбаев даңғылы – Ладожская көшесінде жылдамдықты асырып, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзды. Облыс орталығын «Кибер-шериф» кешенімен патрульдеу кезінде бір күннің ішінде жылдамдықты асырған 100 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ Павлодар – Қызылорда автожолында «Кибер-шериф» кешені жүргізушілердің жылдамдық режимін асырып жіберуінің 13 фактісін анықтады. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Жыл басынан бері Павлодар облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 49 770 фактісінің жолы кесілді.

Айта кету керек, бұзушылықтардың негізгі бөлігі жүргізушілердің белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету фактілері. Ол – 15 мыңнан астам дерек, әрқайсысы Әкімшілік кодекске сәйкес жазаланды. Көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған жүргізушілер саны – 3816 адамды құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру