Павлодар облысының полициясы 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті
Павлодар облысының полициясы 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заманауи әлемнің талаптарына сай цифрландыру – барлық реформалардың базалық элементі.
– Бүгінде мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алу мүмкіндігі – халықпен жұмыс істеудің сервистік үлгісінің басты жетістіктерінің бірі. Бұл формат қызмет алушының полиция қызметкерлерімен тікелей байланыстырмай, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайтады, кезекте ұзақ күтпей, қызметкерлердің жұмыс уақытының ресурсын үнемдейді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.
Полиция департаменті халыққа 27 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың ішінде көші-қон бағыты бойынша мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие. Осындай 14 қызмет бар, олардың ішінде құжаттандыру, халықты тіркеу, елден тыс жерлерге шығу, шетелдіктерді тіркеу, олардың еңбек қызметі және т.б.
Жылдың басынан бері облыстың көші-қон қызметі бөлімшелері халыққа 200 мыңға жуық қызмет көрсетті, олардың көбісі электрондық форматта ұсынылды.
– Полиция департаменті процессингтік орталық желісі бойынша да қызмет көрсетеді. Онда 130 мыңға жуық жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарының куәліктері бекітілген. Лицензиялау және қару айналымын бақылау саласында облыстың 3 мыңға жуық азаматы өз қызметтерін алды, – деп қосты спикер.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты барлық сұрақтар бойынша облыс тұрғындары мен қонақтары Павлодар облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының 8-7812-90-33-43 телефоны, сонымен қатар 8 (7182) -90-33-40 сыртқы көші-қон мәселелері бойынша, азаматтық мәселелері бойынша 8 (7182) 90-33-42 нөмірлері арқылы хабарласа алады.