Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер ер адамнан 5 келіден астам марихуана тәркіледі

Шымкенттік полицейлер ер адамнан 5 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні ірі көлемде заңсыз алып жүрген азамат ұсталды.

Алынған жедел ақпарат негізінде тәртіп сақшылары 46 жастағы ер азаматты Тауке хан даңғылы бойында анықтап, тоқтатқан. Тексеру барысында ер адамнан екі үлкен қорапта жалпы саны 200 дана полиэтилендік пакетке бөлініп салынған, өзіне тән хош иісі бар марихуанаға ұқсас зат анықталып, тәркіленді. Тиісті сараптаманың нәтижесіне сай, есірткі затының салмағы 5 келі 82 граммды құрады.

Еңбекші ауданының Полиция басқармасымен аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру