Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тәртіп сақшылары 10 еріктілер тобымен тиімді жұмыс жүргізіп жатыр

Павлодар облысының тәртіп сақшылары 10 еріктілер тобымен тиімді жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен қоғамдық заңдылық пен тәртіпті қорғауға, азаматтардың іздестіру іс-шараларына көмек көрсетуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға қоғам өкілдері мен еріктілер тобы тартылды. Сонымен, Павлодар қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірлесе отырып тұрақты түрде іс-шараларды жүргізеді, бұл өте жақсы нәтижелер береді.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының тәртіп сақшылары 10 еріктілер тобымен тиімді жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл еріктілер іздестіру іс-шараларын өткізуге көмек көрсетумен қатар, карантин шараларын түсіндіруді де қолдады.

– Бүгін біз облысымыздың еріктілерімен бірге пәтерлерді айналып өтіп, Ертіс өзенінің алқабын күзетіп жатырмыз, – деді Павлодар қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Полицей Арман Каптаевтың айтуынша, азаматтармен заңның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау туралы түсіндірме әңгімелер жиі жүргізіледі. Ол барлық жұмыстар Полиция департаментінің басшылығымен, сондай-ақ біздің облыстағы барлық еріктілер ұйымдарының басшыларымен қол қойылған меморандум негізінде жүзеге асырылатындығын да түсіндіре кетті.

Айта кету керек, із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру туралы барлық өтініштер үшін полиция еріктілермен үнемі ақпарат алмасып тұрады.

«VITA» ерікті іздестіру тобының жетекшісі Екатерина Кудрявцева полициямен еріктілердің бірлескен іс-шараларымен бөлісті: – 2016 жылы Павлодар қаласының іздеушілері үкіметтік емес ұйымдары Павлодар облысының құқық қорғау органдарымен меморандумға қол қойғаннан бері біз оны жыл сайын ұзартамыз және бірлесіп жұмыс атақарамыз. Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіру үшін криминалды полициямен, сондай-ақ Павлодар қаласының Полиция басқармасымен бірге біздің қаламыздың көшелерін патрульдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, еріктілер мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында жыл басынан бері шамамен 45 адам табылған. Бүгінгі таңда елде карантиннің енгізілуіне байланысты еріктілер мен полицияның қызметі сәйкесінше кеңейді.

Полицияның да, еріктілердің де ел заңдарының үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін үлкен пайдасы бар. Тандемде олар бір-біріне керемет қолдау көрсетеді. Олар қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастыруда және азаматтарды карантин кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, мүмкіндігінше үйде болуға және өздерін және жақындарын қорғауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру