Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Акция аясында петропавлдық тұрғын 5 қаруды полицияға тапсырды

Қаруды сатып алу бойынша акцияның алғашқы күнінде петропавлдық тұрғын бес қаруды полицияға тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілдеден республикада бастау алған тіркелмеген қаруды ерікті-өтелмелі тапсыру акциясының алғашқы күнінде төрт солтүстікқазақстандық 10 түрлі тегіс ұңғылы қаруды тапсырды. Қаланың бір тұрғыны тәртіп сақшыларына толықтай қару арсеналы: төрт аңшы қаруы мен бір шолақ мылтық тапсырған. Ол бұл қаруларды сатып алған жаңа пәтерінің жертөлесінен тауып алдым деп түсіндірген. Ер адам күтпеген олжаны қайда жіберерін білмеген. Полицейлердің өткізетін акциясы жайлы білетін аңшы досы “102” арнасына хабарласуға кеңес берген. Енді полицейлер бұл қарулардың жасалған қандай да бір қылмысқа қатыстылығының бар-жоғын тексереді. Сараптама бойынша қару санатына байланысты қала тұрғынына төленетін сыйақы мөлшері үш жүз мың теңгеге жуық соманы құрайды. Қару барлығы үш санатқа бөлінген. Бірінші санатқа мінсіз жағдайдағы қару жатады. Екінші санат – бұрын қолданған, пайдалануға жарамды қару. Үшіншісі атуға жарамайтын қару. Қару бағасы ойық немесе тегіс ұңғылы болуына қарай анықталады.


– Қауіпсіздік мақсатында пандемия кезінде ақция қашықтықтан өткізіледі, — дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. — Полиция бөлімдеріне келу міндетті емес, тек мына телефондарға: 8 (7152) 49-37-43 және 8 (7152) 39-48-66 (азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі облыстық және қалалық бөліністері) хабарласу жеткілікті, немесе “102” арнасына қоңырау шалып кеңес алуға болады. Қаруды сақтау орнына полиция қызметкері келіп, өтініш қабылдайды және қаруды алуды жүргізеді.

Тіркелмеген қару қылмыс элементтеріне қызығушылық тудырады. Акцияның мақсаты – қарулардың криминалдық ортаға өтіп кетуіне, қару қолданып қылмыс жасауға жол бермеу. Өткен жылы 90 астам солтүстікқазақстандық акцияның шарттарын пайдаланған. Олар 109 бірлік қару, оның ішінде 13-і ойық, 95-і тегіс ұңғылы және біреуі травматикалық қару, сондай-ақ 700 патрон тапсырған. 6 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру