Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұшақта темекі шеккен әйелге айыппұл салынды

Ұшақта темекі шеккені үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 1 шілдеде Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне “Эйр Астана” АҚ әуе компаниясының өкілінен “Ақтөбе-Алматы” бағытындағы әуе кемесінің бортында құқықбұзушы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин. – Тексеру барысында көлік полицейлері әуе кемесінің бортында болған Орал қаласының 34 жастағы азаматшасын анықтады. Әуе кемесі командирінің актісі бойынша әуе рейсі қонғаннан кейін құқықбұзушы көлік полицейлеріне берілді, – деп атап өтті Қ.Қобландин.Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-2 бөлігімен (Әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін және (немесе) электрондық сигареттерді тұтыну) әкімшілік хаттама толтырылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, – деп қорытындылады Қ.Қобландин.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің Көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 21 117 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 1 641 адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру